Грекияда су тасқыны салдарынан жолдар жабылып жатыр

Грекия астанасы Афинада толассыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласты, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығынан көліктер бір-бірімен соқтығысып, су астында қалды. Рейтер агенттігінің мәліметінше, қаланың солтүстігінде орналасқан аудандардың барлығы қатты зардап шеккен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құқық қорғаушылар Кисифье және Неа-Эритрея жолдарын жауып тастады. Апат болған жерлерде іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Айта кету керек, осыған дейін Грекияда орман өрті болып, 80-нен аса адам қаза тапты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.