ГОЛОВКИН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК 100 СПОРТШЫНЫҢ ТІЗІМІНДЕ МЭННИ ПАКЬЯО МЕН ВЛАДИМИР КЛИЧКОДАН ОЗЫП КЕТТІ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық беделді телеарна ESPN-нің әлемдегі ең үздік 100 спортшы енген тізімінде 61-орынға жайғасты, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: vesti.kz

Тізімде Головкин белгілі футболшылар бразилиялық Дани Алвеш пен испаниялық Сеск Фабрегастың арасына (тиісінше 60, 62- орындар) жайғасқан.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы тізімде Мэнни Пакьяо (63-орын) мен Владимир Кличкодан (74-орын) озып кетті.

Айта кетсек, аталған тізімге әртүрлі спорт түрі бойынша спортшылар енген. Көш басында «Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы Криштиано Роналду тұр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.