Голливудта жүлдегер болған домбырашы Естайдың ұрпағы болып шықты Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/gollivudta-zhuldeger-bolgan-dombyrashy-estaydyn-urpagy-bolyp-shykty_a3332035

ҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып, өз номинациясы бойынша алтын медальға ие болған «Бастау» домбырашылар тобының мүшесі ақын, сазгер Естай Беркімбайұлының ұрпағы болып шықты, – деп хабарлайды «АRAINEWS» ақпарат агенттігіне inform.kz  сайтына  сілтеме жасап.

Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері бақ сынасқан болатын. Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып, алтын медальды олжалады. Байқау жүлдегері атанған «Бастау» дуэтінің құрамында екі жігіт бар — Ернат Наурыз және Темірлан Олжабай. Журналист, Естайдың шөбересі Фархат Әміреновтың айтуынша, Темірлан — павлодарлық ақын, әнші, композитор, атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай Беркімбайұлының ұрпағы.

«Менің атам Қыздарбек Әміренов — Естайдың інісі, — дейді журналист. — Темірлан — Қыздарбек ата мен Танкеш әженің үлкен қызының немересі. Темірланның атасының аты — Олжабай Арал. Ол — Екібастұз ауданының ең бірінші әкімі болған».

22 жастағы Темірланның анасы Арманның айтуынша, ол домбыра тартуды 5 жасынан бастап қолға алған. Қазір талантты жігіт Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің 3-курсында оқиды.

Айта кету керек, биыл Павлодарда ақын, әнші-композитор, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, еңбегі сіңген өнер қайраткері Естай Беркімбайұлының 150 жылдығы аталып өтті.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.