Еуропа лигасы: «Астана» мен «Яблонец» тең ойнап жатыр | arainews.kz

Еуропа лигасы: «Астана» мен «Яблонец» тең ойнап жатыр

246

Дәл қазір футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтіп жатыр. Елордалық «Астана» Чехияның Яблонец-над-Нисой қаласында жергілікті «Яблонец» командасымен кездесу үстінде.

«Астана» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий Бабаян алғашқы минуттан Ненад Эрич, Бактиер Зайнутдинов,  Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Ричард Алмейда, Марин Томасов, Педро Энрике, Джуниор Кабананга сынды жігіттерге сенім білдірді.  Ал «Яблонец» сапында Властимил Грубы, Томаш Голеш, Давид Говорка, Давид Лишка, Матей Ганоусек, Томаш Хюбшман, Михал Травник, Якуб Поважанец, Владимир Йовович, Лукаш Масопуст, Ян Храмоста негізгі құрамда «Астанаға» қарсы ойнады.

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Оны 4-минутта Якуб Поважанец өзінің еншісіне жазды. Ал 11-минутта оған «Астана» сапынан Педро Энрике жауап қайырды.

Осылайша ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Біз бұдан бұрын «Яблонец»  жайында сипаттама беріп едік.

Сондай-ақ, К тобындағы тағы бір ойын Францияның «Ренні» өз алаңында Украинаның «Динамо» (Киев) командасымен 1:1 еесбімен тең ойнауда.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.