Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды | arainews.kz

Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды

121

Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын.

«Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады», — деді министр үкімет кулуарында.

Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.

«Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз», — деді ол.

mail.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.