Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні өтеді

Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоштасу рәсімі сағат 10-00-де Балуан Шолақ спорт сарайында басталады. Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілді.

Бүгін Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі ұсталғанын жария етті.

Сондай-ақ прокуратура өкілдері ұсталған күдіктінің қылмыс жасағанын мойындағанын жариялады.

egemen.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.