Дәуірдің дара перзенті | arainews.kz

Дәуірдің дара перзенті

193

…Қазақтың бір бәйтерегі құлағандай болды-ау. Бар қазақтың Шерағасы болған адамның бүкіл болмысы ерекше екенін айту ол кісінің артында қалған асыл мұрасымен, қайталанбас қадір-қасиетімен астасып жатады. Шерағаң мен үшін де биік шың сияқты тұлға болып қалды. Көзі ашық, көкірегі жарық сан мың оқырманмен бірге бүкіл шығармасын сан мәрте қайталап оқып келемін. Жақын інісі болып жас бала кезімнен артынан ілестім. Қолында өстім. Жүзі суық болғанымен жандүниесі соншалықты мейірімді ағаның талай сырлары мен әңгімесін тыңдай жүріп ержеттім.
Өзі айтатындай, әр адам – бір-бір жұмбақ. Ол кісінің қайраусыз қара қылыштай қаһармандық ірілігі қайран қалдырмаған кезі жоқ. Бүкіл қазаққа ортақ тұлға туған халқы алдындағы перзенттік парызын орындап кетті. Шерағаң ұлттық мәдениетіміз үшін өлшеусіз үлес қосты. Асыл аға Таразда жүргенде Алатаудай заңғар биік, Қаратаудай қайсар тұлға жүргендей әсерге бөленіп, шаттанып жүруші едік. Біз асыл ағаны әлі талай сағынамыз. Қош болыңыз, аяулы ұстаз. Біз сізге ризамыз. Сонау 70-жылдары Мәрия әпкем екеуіңіз Алматыға оқы деп құшағыңызға тартып, айтқан ақылыңыз мәңгі аманат болып қалды… Жатқан жеріңіз жайлы,топырағыңыз торқа болсын!

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.