Данэлия Тулешова балаларға арналған Eurovision байқауына қатысады

Жас əнші Данэлия Тулешова мен оның ұстазы балаларға арналған Eurovision -2018 байқауының ұлттық іріктеу сынына қатысады.

Əншінің өкілдері мұның алдында музыкалық байқауға қатысуға арнайы материалдың жоқтығын  айтқан болатын. Бұл хабарламадан соң əншіге бірқатар ұсыныстар түскен.

«Данэлияның даусына  келетін бірқатар композиция таңдап та үлгердік. Қазір байқауға қатысуға өтінім жазып жатырмыз. Аудио тыңдалымға да дайындық қызу жүріп жатыр»- деді педагог Наталия Чуракова.

Ал əншінің өзі алда болатын байқаудың  əсерімен бөлісті.

«Мен байқаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Əрі елімізде мыңдаған талантты балалар бар екені рас. Олардың көпшілігін мен танимын.  Финалға кім өтсе  де, мен Қазақстанның намысын қорғайтын әншіге жанкүйер боламын. Маған керемет əндер ұсынылды. Сол əндерді лайықты орындауға барымды салатын боламын», — деді  Данэлия  Тулешова.

Айта кетсек, «Junior Eurovision Song Contest» байқауы биыл Минск қаласында қарашада өтеді. Қазақстан аталған жобаға тұңғыш рет қатысатын болады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.