ЧЛ: «Астана» плей-офф кезеңінде қай командалармен кездеседі?

«Астана» командасының Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кімдермен кездесуі мүмкін екені анықталды.

Турнирдің аталмыш кезеңінде қазақстандық клуб ПСВ (Нидерланды) командасымен және «Зальцбург» (Аустрия) — «Шкендия» (Македония) мен «Селтик» (Шотландия) — АЕК (Грекия) жұптарының жеңімпаздарымен нақты кездеспейтін болды.

«Астанамен» кездесуі мүмкін қарсыластар қатарына «Янг Бойз» (Швейцария) командасы, сондай-ақ «Карабах» (Әзербайжан) — БАТЭ (Беларусь), «Мальме» (Швеция) — «Види» (Мажарстан) және «Црвена Звезда» (Сербия) — «Спартак» Трнава (Словакия) жұптарынан қай жеңіске жеткен команда енді. Жеребе тастау рәсімі дүйсенбі, 6 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Алайда «Астана» командасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өту үшін алдымен үшінші іріктеу кезеңінде загребтік «Динамоны» жеңуі керек. Алғашқы матч 7 тамызда Қазақстанда, ал қарымта кездесу 14 тамыз күні  Хорватияда өтеді деп жоспарланған.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.