Чемпиондар Лигасы үшінші кезеңінде «Астананың» қарсыластары белгілі болды

Хорватиялық «Динамо» (Загреб) мен  израильдік «Хапоэль» (Беэр-Шева) Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын өткізді.

Израильдегі ойын тең нәтижемен аяқталды — 2:2. Израильдік ойыншылардан Джон Огу (14-минут) мен Ханан Маман (34-ші) гол салса, «Динамо» құрамынан Марио Будимир (49-шы) мен Изет Хайрович (54-ші) ерекшеленді. Бірінші ойында хорват клубы аса ірі жеңіске жеткен болатын — 5:0.

Осылайша, егер «Астана» даниялық «Мидтьюлланд» клубын жеңсе, үшінші кезеңде загребтік «Динамомен» ойнайды.

Бірінші матчта қазақстандық команда өз алаңында Ласло Кляйнхайслердің арқасында 2:1 есебімен жеңген еді. Қарымта ойын 1 тамыз күні Данияда өтеді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.