Болашаққа қадам бүгіннен басталады | arainews.kz

Болашаққа қадам бүгіннен басталады

146

Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» шын мәнінде ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғамдағы барлық саланы қамтитындығымен бірегей саналады. Сондықтан, оны қазіргі кезеңдегі ұзақмерзімді перспективалы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеологиялық платформасы деуге болады. Осы орайда Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында да тындырымды тірліктер атқарылуда.

– Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңстікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты жүретіні белгілі. Ал Қазақстан азаматтарының қоғамдық сананың мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен үндес. Ол мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүрді қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді.

Тараз қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары мен «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы», «100 жаңа есім» арнайы жобалары бойынша ауқымды бастамалар қолға алынған. Қазақ тілін латын әліпбиі негізіндегі графикаға көшіру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ, – дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Жалпы, 25 жобаны іске асыруға 2 миллиард 472 миллион 750 мың теңге қаржы жұмсауды қажет етіп отыр. Былтыр қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 9 жобаға 321 миллион 600 мың теңге бөлді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.