Бір аптаның ішінде пара алу күдігімен ұсталғандар жарияланды | arainews.kz

Бір аптаның ішінде пара алу күдігімен ұсталғандар жарияланды

284

Бір аптаның ішінде Қазақстанда пара алу күдігі бойынша бірқатар лауазым иелері ұсталды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.

Атап айтқанда,  «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа күдіктелуде. Ол қарамағындағы қызметкерлерге есептелген сыйақы көлемінің 50 пайызын пара ретінде қызметте жалпы қамқорлығы үшін алып отыру бойынша қылмыстық схема дайындалған. Қазіргі таңда оның қарамағындағы қызметкерлері, яғни Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы филиал басшыларынан берілген сыйақыларды қайтарып беру түріндегі 720 000 теңге пара алу фактісі анықталды. Сонымен қатар, бүгінде алынған қаржының жалпы көлемі анықталуда. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Бұдан бөлек, ШҚО бойынша ұлттық бюросымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысына қатысты жүйелі түрде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдікті 2017-2018 жылдар аралығында кәсіпкерден автокөліктерді жалға алу туралы келісімшартты ұзарту, яғни іс жүзінде орындалмаған қызметтерге жалған атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қою үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 300 000 теңгені құрайтын пара алу фактілері анықталған. Тергеу жалғасуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 қазанында ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі парақорлық күдігімен әшкереленді.

«Ол азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің бастығынан 300 000 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Ол өз кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ», — деді ресми өкіл.

Белгілі болғандай, биыл 11 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Щучинск қаласының Бурабай ауданында қызмет ететін Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі бастығының орынбасарын парақорлақ күдігімен қолға түсірді. Ол қала тұрғынынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскери билет беру үшін 270 000 теңге алды деп күдіктелуде.

«Ағымдағы жылдың 12 қазаны күні сыбайлас жемқорлыққа бпайланысты Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігі № 32363 әскери бөлімінің капитан шеніндегі штаб бастығы ұсталды. Ол қызметте жалпы қамқорлығына алу үшін әскери қызметшілерден 170 000 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған деп күдіктелуде.  Тергеп-тексеру жалғасуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты әскери қызметшілерге қатысты процестік ұстап алу қолданылмады», — деді Жанна Бастарова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.