Бейресми кездесуде бірқатар мәселелер айтылды | arainews.kz

Бейресми кездесуде бірқатар мәселелер айтылды

188

Көз ілеспес жылдамдықпен дамып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда жастар арасында қордаланған, күрмеуі қиын мәселелер көп. Жас буынның алдына қойылып отырған мақсат-міндеттер де аз емес. Бұл ретте, тығырықтан шығудың жалғыз жолы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жастардың бақытына орай, тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға да толық мүмкіндік қарасытырылып отыр. Сонымен бірге, өңірде мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Жастарға жасалып жатқан жағдай мен олардың көкейінде жүрген мәселелер Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуінде кеңінен айтылды.

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған кездесудің өтуіне Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мұрындық болды. Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде өткен кездесуге аталған колледждің білімгерлері қатысты.

Еркін форматта өткен кездесуде қала басшысы Қайрат Әскербекұлы мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталды.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану,жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандары мен аула клубтары, коворкинг орталықтарының жұмыстары жайында әңгімеледі.

Қайрат Әскербекұлы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жастардың жаһандану заманындағы көзқарастарын, жобаларын тыңдап, басқа осы секілді мәселелер төңірегінде өзіндік ақыл кеңестерімен бөлісті. Жастар өздерінің көкейлеріндегі толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында жастар қала басшысына ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін алғыстарын айтып, ерекше әсер алғандарын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.