Байзақта жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Байзақ ауданының 80 жылдық торқалы тойы қарсаңында елді мекендердің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты  Рысқұлов, Каримов, Медеулов көшелеріне 13 млн. 727 теңге қаражат қаралып,  асфальт төселген болатын.

Биылғы жылы бөлінген 9 491 393 теңгеге Сарыкемер, Новая, Интернациональная және Сатпаев көшелеріне асфальт жамылғысы төселді. «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары жол жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.