Баянауылда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған қолжазбалары көрсетілді

Баянауыл ауданына Ұлттық ғылым академиясының қорынан ойшыл, философ, жазушы Мәшһүр Жүсіптің өз қолынан шыққан құжаттары жеткізілді.

Алматыдан әкелінген жазбалар Мәшһүр Жүсіптің музейі мен Ескелді шатқалында қойылды. Жұртшылық назарына сирек кездесетін 14 құжат көрсетілді.

«Мәшһүр Жүсіптің еңбектері бар кітаптардың кейбірі жазушының көзі тірі кезінде жарық көрген. Бұл кітаптар өткен ғасырдың басы мен ортасында тіркелген»,- дейді Ұлттық ғылым академиясы орталық кітапханасының қызметкері Гүлшат Әбікова.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.