Әйелдер күресінен Азиадаға қатысатын балуандар белгілі болды

 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов Жазғы Азиадаға қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бас бапкер Азиада ойындарында төмендегідей алты балуанға үміт артып отыр.

Олар:

Валентина Исламова (50 келі)

Жұлдыз Ешімова (53 келі)

Эмма Тисина (57 келі)

Аяулым Қасымова (62 келі)

Жамила Бақбергенова (68 келі)

Эльмира Сыздықова (76 келі)

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.