ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ 2385 БАЛА ТАРТЫЛҒАН | arainews.kz

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ 2385 БАЛА ТАРТЫЛҒАН

232

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені  күшейтуді» тапсырған болатын.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, облыстың 446 орта мектептебінде және 48 колледжде 89 «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубтар құрылды. Онда 2385 бала әскери-патриоттық тәрбиемен қамтылған. Мектептерде 47 «Жас сарбаз» сыныптарын ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Әскери-патриоттық клубтарда «Жас мерген», «Жас десантшы» сияқты үйірмелер мен топтар, «Әскери білім тарихы», «Әскери іс», «Жас ұландарды дайындау», мергендер үйірмесі, армрестлинг секциясы, каратэ, күрес секциялары және т.б. әскери қолданбалы спорттық секциялар жұмыс жасайды.

Патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жас ұрпақ еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні сөзсіз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.