Алтынбек Қоразбаев Таразда ІТ-сынып ашпақ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілік жасауымен №30 мектеп-гимназиясында ІТ-сынып ашылады. Бұл игі іс «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында партия Тараз қалалық филиалының қолдауымен жүзеге асып отыр, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған жабдықтар, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.

ІТ-сыныпта оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен білім алады. Онда 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар оқытылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.