Алматыдан Атырауға ұшқан Bek Air ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Алматыдан Атырауға ұшқан “Bek Air” ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Bek Air” компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов берген мәліметінше, 2105 рейстегі ұшақ Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшқан, биіктікке көтерілген соң салонның қысымы төмендеп кеткен.

“Негізінде, командир сәл төмен биіктікте ұша беруге құқылы еді, бірақ Атырауға ұзақ ұшатын болғандықтан, Таразға қонуға шешім қабылдады. Қазір Алматы әуежайынан резервтегі борт жіберіледі, Тараздағы барлық жолаушыны сол ұшақпен Атырауға жеткіземіз. Нақты мәлімет анықталып жатыр” – деп хабарлады Омаржанов.

Қазір интернет желісінде бортта болған өрт жайында таралып жатқан ақпаратты авиакомпания басшысы жоққа шығарды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.