Алматы полициясы күзетшіні соққыға жыққандарды ұстады | arainews.kz

Алматы полициясы күзетшіні соққыға жыққандарды ұстады

191

Полиция қонақ үйдің күзетшісін соққыға  жыққан бұзақыларды қолға түсірді.

Оқыс оқиға «Қазақфильм» шағынауданындағы қонақ үйлердің бірінде болған. Күзетші ғимаратқа кірмекке әрекеттенген екі ер адамның алдын бөгейді.

Мас күйде болған екеуі күзетшіні соққының астына алған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК  293 — бабының 2 — бөлімімен,  10 7 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық іс материалдарына сəйкес, екі мас адамды күзетші қонақ үйге кіргізбеген. Оған шамданған екеуі күзетшіге қол көтереді. 30 жастағы күзетші қолы мен мұрны сынып ауруханаға жеткізілді. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының арқасында 25 жастағы Алматы тұрғыны мен 28 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Екеуі де қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — деді  Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы  Дəурен Өтебаев.

Қылмыстық  іс  аясында бірқатар сот — медициналық  сараптама  тағайындалған.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.