Алматы облысында ауыл әкімдігі өртенді | arainews.kz

Алматы облысында ауыл әкімдігі өртенді

135

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында әкімдік ғимараты өртенді.

Ғимараттың 200 шаршы метр аумағын өрт шалған.

«Өртенген ғимарат пен ең жақын өрт сөндіру бөлімінің ара қашықтығы 25 шақырым болды. Сағат 12:13-те «101» пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. 12:50-де өрт ауыздықталды және 13:18-де толықтай сөндірілді. Оған Өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді», — деп жазды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Комитет келтірген деректерге сәйкес, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрт себептері анықталып жатыр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.