Алматы әуежайында ұшақ апатты жағдайда қонды

Алматы әуежайныда «SCAT» әуе компаниясының ұшағы қонып келе жатқанда артқы бөлігі жерге тиіп кетті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

«26 шілдеде Алматы әуежайында екінші шеңбер жасау кезінде Хургада — Алматы бағытындағы  5038 рейсі ұшағының артқы бөлігі ұшу-қону жолағына тиіп кетті. Оған қарамастан ұшақ сәтті қонды», — деді әуе компаниясынан.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Әуе тасымалдаушысы штаттық режимде жұмыс жасап тұр.

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.