Ақмола облысында алтын кенішіне шабуыл жасалды

Ақмола облысының Жолымбет кентінде бір топ жас жігіт «Қазақалтын» АҚ аумағына заңсыз кірді.

Жастар мен күзет фирмасы өкілдерінің арасында қақтығыс болып, күзетшілердің бірі қызметтік көлікпен бір жігітті қағып кеткен.

«Жолымбет кентінде орналасқан «Қазақалтын» АҚ аумағына заңсыз кірген бір топ жас жігіттің бұзақылық әрекеті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының («Бұзақылық») 2-бөлігімен сотқа дейінгі іс өндірісі басталды. Ал көлікпен қағып кету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі іс қозғалды», — деп мәлімдеді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, қазіргі кезде сот-медициналық сараптамалар белгіленген, тергеу амалдары жүріп жатыр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.