Аққұтан неге бір аяғын көтеріп тұрады? | arainews.kz

Аққұтан неге бір аяғын көтеріп тұрады?

219

Аққұтан құсының суда тұрғанда неліктен бір аяғын көтеріп тұратыны орнитологтарға осы күнге дейін нақты белгісіз болып келеді. Бұл қимылы баяу, өзінен ешқандай үн шығармайтын құс. Аққұ­тандар жыл құстары болғандықтан, алыс жақтарға қоныс аударып тұрады. Көбіне ірі өзендер мен су аудандарының аңғарларын мекендейді. Алайда, зерттеушілер аққұтандардың суда бір аяқпен тұруы екінші аяғын денесіне тығу арқылы уақытша жылытып алу үшін деген болжамды айтады. Бірақ, ол нақты емес. Аққұтанның аяғының мықтылығы соншалық бір аяқпен сағаттап тұра береді екен. Бірақ, оның шыбық секілді жіңішке аяғының бірнеше сағат бойы бүкіл денесін көтеріп тұруы шынында таңғалдырады. Аққұтандарды ұзақ зерттеп жүрген ресейлік ғалымдар жуырда жыл құстарына қатысты мынадай пікірлерін айтты. Аққұтан – өте сақ, әрі ақылды құс. Оның бір аяғын үнемі көтеріп тұруы су астындағы жауларынан қорғанудың амалы. Құстың бір ғана аяғын көрген жыртқыштар оны қамыс екен деп ойлап, аққұтанға шабуыл жасай алмайды. Керісінше, аққұтан су астында бір аяқпен ғана тұрып, оның аяғын қамыс деп ойлап жақындаған балықтарды жей береді екен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.