Жамбыл жұртшылығы Денис Тенді еске алды

Бүгін Тараз қаласында мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді еске алу шарасы өтті.

«Ерлік» мемориалды кешенінде өткен азалы жиынға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олар талантты спортшы туралы естеліктерін айтып, оның суретінің етегіне гүл шоқтарын қойды.

Мәнерлеп сырғанау шеберінің қазасын Әулиеата өңірінің тұрғындары барша қазақстандықтармен қатар ауыр күйзеліспен қарсы алды. Бұл шара жамбыл жұртшылығының мұз айдынының майталманымен қоштасуы іспетті болды.

Еске сала кетейік, Д. Тен кеше көлігінің айнасын ұрламақ болған қарақшылармен болған қақтығыс кезінде жараланып, ауруханада қайтыс болған еді. Қазіргі уақытта оның өліміне қатысы бар деген қос күдікті қолға түсті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.