Роналду Instagram желісіндегі ең танымал қолданушы атанды | arainews.kz

Роналду Instagram желісіндегі ең танымал қолданушы атанды

292

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісінің ең танымал қолданушысы атанды.

Оның желідегі акаунтын 144,3 миллион адам бақылап отырады екен. Бұған дейін ең танымал қолданушы америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес болатын. 29 қазанда Гомеске тіркелгендер саны 144, 33 мың адам болған, ал Роналдуда 144,36 мың адамға жетті.

  Айта кетейік, Роналду спортшылар арасында бірінші орында тұрса, барлық атақты жұлдыздың ішінде Instagram желісіндегі бір жарнама жарияланым үшін футболшы ақшалай сыйақы бойынша үшінші орында. 2017 жылдың басында Роналду Instagram желісінде 100 миллион оқырман жинай алған алғашқы ер адам деп танылған еді.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.