Қостанай тұрғыны нан ішінен ағаш жаңқа тауып алды | arainews.kz

Қостанай тұрғыны нан ішінен ағаш жаңқа тауып алды

218

Қостанай тұрғыны Арина Величко дүкеннен сатып алған нанның ішінен ағаш жаңқасын тапты.

Арина Величко батон нанды 5-шағын аудандағы дүкендердің бірінен сатып алған. Нан полиэтиленді қапшыққа ораулы болған. Кешкілік отбасы ол нанның жартысын жеген. Ал таңертең нанның қалған бөлігінен бутерброд әзірлемек болған отбасы мүшесі тілім ішінен ағаш жаңқасын тауып алады.

«Нанды 18 қазан күні «Айна» дүкенінен сатып алдық. Нан ішінен 5 см-дей жаңқа табылды. Тұрғындарды барынша абай болуға шақырамыз», — деді Арина Величко.

Еске салсақ, жақында Қостанайда 14 жастағы оқушының тамағына ағаш жаңқасы тұрып қалған болатын. Бөгде зат отаның көмегімен алынды.

Кейін СЭС жаңқа шыққан нан өндіруші мекемеге тексеріс жүргізіп, заңбұзушылықты тіркеген.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.