Мереке қарсаңындағы тағылымды кездесу | arainews.kz

Мереке қарсаңындағы тағылымды кездесу

123

Күллі Қазақстан халқының қуанышына айналған мемлекеттік мереке – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қашанда өрлік пен өрістеудің, жасампаздықтың символы. Жыл сайын үрдіске айналған бұл мейрам еліміздің түкпір-түкпірінде бірнеше күн бойы тойланады. Оның аясында түрлі мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық шаралар ұйымдастырылады.

Осындай тағылымды шаралардың бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде өтті. Мереке қарсаңында Жамбыл жеріне арнайы келген Елбасының «Сыныптастар ұйымының» жетекшісі Бақытжан Сертеков мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевпен кездесіп, салмақты сұхбат құрды.

Әңгіме-дүкен барысында Бақытжан Бейсенұлы Тұңғыш Президенттің өзінің сыныптастары және курстастарымен жүздескен сәттері жайлы естеліктерімен бөлісіп, жеке мұрағатындағы сақтаулы фотосуреттермен таныстырды. Сондай-ақ, мекеменің кітапхана қорына бірқатар кітаптарды тарту етті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.