Таразда сотталған азаматтар COVID-ке қарсы екпе салдырды | arainews.kz

Таразда сотталған азаматтар COVID-ке қарсы екпе салдырды

111

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар коронавирусқа қарсы “Спутник-V” вакцинасын салдырды. Айта кетейік, вакцинаны салдырмас бұрын медицина қызметкерлері әрбір сотталған азаматтың дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді. Бұдан бөлек, аталған екпе егу жұмыстары барысында тәжірибелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істеді.

— Жалпы, ковидке қарсы екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмаған. Вакцинациялау жұмыстары ерікті түрде жүргізілген сотталғандардың хал-жағдайы бірқалыпты. Жазасын өтеушілерде індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін жете түсінеді. Мекеме қызметкерлері тарапынан да тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — дейді мекеме бастығының орынбасары А.Танашева.

Еске сала кетейік, бұған дейін өңірлік ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне вакцинациялау жұмыстары жүргізілген болатын.

Мадияр Маханов,

ЖД-158/5 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.