Қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер өткізілуде | arainews.kz

Қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер өткізілуде

146

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер өткізілуде.

Ұзақ мерзімді кездесулер барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан сотталғандардың жақындары сынама тапсырылған күннен бастап мерзімі бес күннен аспайтын Covid-19 бойынша ПТР-тесттің теріс нәтижелі қорытындысын ұсына отырып, дене температурасын өлшеу, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің, сотталғандар мен олардың туыстарының бетперде режимін сақтауы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер екі тәуліктен аспайды.

Ал қысқа мерзімді кездесулер үшін ПТР-тест тапсырудың қажеттілігі жоқ. Алайда барлық санитарлық қауіпсіздік шараларының сақталуы аса маңызды.

Осы орайда карантинге байланысты жақындарымен жүздесу мүмкіндігінен қол үзіп қалған жазасын өтеушілердің туыстары кездесулердің қайта жанданғанына қуанышты екендерін жеткізіп, мекеме басшылығына алғыстарын жеткізуде.

– Ұзақ кездесу күндері біз үшін өте маңызды, бұл бізге отбасының тұтастығын сақтауға, бір-бірімізді моральдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік береді. Мекеме басшылығына рақмет, еліміздегі ауыр ахуал кезінде туыстарымызбен бейнебайланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік алдық. Десе де, жақын жанды көзбен көріп, құшағыңда қысу өзгеше сезім емес пе? – дейді кездесуге келгендер.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.