Онлайн-кездесу өткізді | arainews.kz

Онлайн-кездесу өткізді

109

«Стратегиялық сессияларды» өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Жамбыл облысының Дін істері басқармасы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-мен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге комитет қызметкерлері, ҚМДБ филиалының имамдары, қоғамдық пікір көшбасшылары, теологтар, психологтар, облыс және аудан дінтанушылары мен исламтанушылары қатысты.

         Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспары талқыланды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары белгіленді: халық арасында зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу.

Сондай-ақ, Е.Нүкежанов өткен жылы Жамбыл облысының дін саласында қол жеткізген бірқатар оң нәтижелерін атап өтті – өңірде «Жусан» арнайы операциясы аясында оралған әйелдердің 100% — ы оңалтылды.

Сонымен қатар, Комитет Төрағасы нысаналы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және оның халықтың зайырлылығын қолдау мен нығайтудағы рөліне назар аударды.

Іс-шара кезінде, Комитет қызметкерлері бірқатар өзекті мәселелерге жауап беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша пікір және ұсыныстар алмасты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.