Шудағы шахтаға түскен алғашқы әкім | arainews.kz

Шудағы шахтаға түскен алғашқы әкім

175

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров «Шатыркөл» кен орнында болып, кеншілердің жұмысын көзбен көріп қайтты. Алдымен аталған кен орнының директоры Мұхтар Ертаев бастаған ұжым қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс тәртібіне тоқталды.

15 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кеніште жалпы 1000 адам жұмыспен қамтылып отыр. Еліміздің әр аймағынан келіп жұмыс жасайтын қызметкерлерге індетке байланысты жұмыстың аяқаталуына бес күн қалғанда ПЦР-тест тапсыру міндеттеледі. «Бұл жұмыстың тоқтаусыз жүруіне сеп болады» – дейді ондағы мамандар.

Тағы бір белгілі болғаны «Шатыркөл» кенішінде 18 мердігер жұмыс жасайды. Оның әрқайсысының өзіндік міндеті бар. Бірі техникаға жауап берсе, енді бірі қазылған кенді тасымалдаумен айналысады. Шатыркөл кеніші тапсырыс беруші болып есептеледі. Тоқтаусыз қатынап жатқан жүк көліктері тәулігіне 1800 тонна кенді жеткізіп беруге жарап тұр.

Бас инженер Қоңыров Бағдаттың айтуынша 2023-2024 жылдары шағын фабрика ашылады деп жоспарланған. «Жоспар жүзеге асса қазіргідей руданы тасып сарсаңға түспей, кенді қорытып ала беретіндей мүмкіндік туады» – дейді бас инженер.

Осыған байланысты алдағы уақытта маман тапшылығын болдырмас үшін арнайы мамандарды даярлау қажет болады екен. Бұл мәселені аудан әкімі Нұржан Календеров аудандағы арнаулы орта оқу орындарын пайдалана отырып мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шешуге болатындығын жеткізді.

Шатыркөл кенішіндегі жұмыстар вахталық әдіс арқылы жүргзілгендіктен кеніш іші шағын қалашыққа айналған. Онда қызметкерлерге арнайы жатын бөлме, монша, асхана, спорт зал қарастырылған.

Кабинеттегі кеңес аяқталған соң аудан басшысы жер астындағы жұмысты көріп шығуға ниет білдірді. Келісімін берген мамандар шахтаға түсемін деп келген аудандағы алғашқы әкім-деген таңғалысын жасырмады. Инженер мамандар шахтаға түсу талаптарын түсіндіріп, медициналық тексеруден өткізді.

Міне, біз үстімізге — жұмыс киімін, басымызға — дулыға киіп, жұмысшылармен бірге УАЗ хантер автокөлігіне жайғастық. Көлігіміз төмен қарай зулай жөнелген кезде үніміз шықпай қалды. Межелі жерге жеткен соң, жер астындағы кең көшенің бойымен алға жүрдік. Мұнда самалдай жап-жарық: жан-жағымыздың бәрінде күндізгідей жарык беретін шамдар жанып тұр. Екі жақ беткейіміз түп-түгел бос жыныс — тас пен топырақ. Жердің асты қайнаған тіршілік. Жан дауысы шыққан алып техникалар ары-бері жүйіткейді. Осылайша 500 метрге төменге түстік. Шахта жер асты заводы сияқты. Оны жер бетіндегі диспетчер кең бөлмеде отырып-ақ жер астында, шахтада не болып жатқанын радиобайланыс арқылы жазбай біле алады. Сондай-ақ, шахтада әр бригада бір айда 180 м жерді қазып үлгеруі тиіс. Берілген норманы асыра орындағандарға қосымша үстемақы беріледі. Осылайша аудан әкімі жер астындағы кеншілермен кездесуінде,-деп таңғалысын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.