92 сау баланы науқастарға арналған жолдамамен Талғардағы шипажайға жіберген

Талғар аудандық Орталық ауруханасының қызметкерлерін туберкулезбен ауыратын науқастар емделетін шипажайда сау балалардың жүргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, Талғар ауданында сап-сау 92 бала «Айналайын» шипажай балалар үйінде профилактикадан өткен. Негізінде 160 бала осы мекемеде туберкулезден емделуге мұқтаж.

«Ереже бұзғаны үшін Орталық аудандық ауруханасының үш лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Лауазымын асыра пайдалану және ресми құжаттарды қолдан жасау деректерін анықтау үшін іс материалдары қылмыстық қуғындау органына жіберілді», — делінген құзырлы органның хабарламасында.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.