Оқу-тәжірибелік жаттығулар өтті | arainews.kz

Оқу-тәжірибелік жаттығулар өтті

1 144

Өрт қауіпсіздіктің алдын алу бойынша аудандық, ауылдық округтердегі әкімдіктер мен мемлекеттік орман иеленушілер арасында «Жамбыл облысының аумағында дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында өрт сөндіру оқу – тәжірибелік жаттығу әдістемелерін өткізу туралы» бірлескен іс-шаралар жоспары жасалынған. Осыған байланысты 13 мамырдан бастап 24 мамырға дейін аудандық, ауылдық округтердегі әкімдіктер және мемлекеттік орман иеленушілер арасында өрт сөндіру оқу – тәжірибелік жаттығу әдістемелерін өткізуді тізбесі жасалынды.
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдерінің қатырсуларымен 2019 жылдың 13 мамырдан 16 мамырға дейін Жуалы, Сарысу, Ақкөл, Мойынқұм, Бұрыл-байтал, Көктерек, Қосқұдық, Луговой, Ақыртөбе, Меркі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелер аудандық, ауылдық округтердегі ерікті өрт сөндірушілер және аудандық ТЖ бөлімдерімен өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар қалған Қордай, Қарақоңыз, Жамбыл, Байзақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері 21 мамырдан 24 мамыр аралығында өткізіледі.

Е. Алимкулов,

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.